Шымкентте аса ірі мөлшерде есірткімен ұсталған азамат сотталды

499

Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Шымкентте аса ірі мөлшерде есірткімен ұсталған азамат сотталды Фото: inbusiness.kz

Күдікті есірткіні көшедегі құбыр астына жасырып жүрген.

Тәртіп сақшылары ер адамнан ұнтақ тәріздес заттар салынған 10 орама, жиналмалы пышақ және бір трамадол дәрісінің пластинкасын тәркіледі. 

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған ұнтақ “а-PVP” психотроптық заты екені расталды. Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. 

Нәтижесінде 23 жастағы жергілікті тұрғын Telegram арнасы арқылы жұмысқа орналасып, бейтаныс адамдардың нұсқауы бойынша есірткі қойып кетумен айналысқаны белгілі болды. Қызметі үшін ақыны электронды түрде алып отырған. 

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін ішінара мойындады. Алайда жинақталған айғақтардың жеткілікті болуына байланысты сот оны кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу