Шымкентте атыс болып, 14 жастағы жеткіншек қаза тапты

1463

Шымкентте атыс болып, 14 жастағы жеткіншек қаза тапты

14 жастағы ер бала Шымкентте болған атыста қаза тапқан, тағы бір ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ОҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sputniknews.kz.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, атыс бейсенбі күні түстен кейін Ворошиловка ауданындағы темір жолдың маңында  болған. 
"2003 жылы туған ер бала қаза тауып, 1995 жылғы ер адам ауруханаға жеткізілді. Оқ тиген ер бала ауруханада көз жұмды", — деп хабарлады баспасөз қызметінің маманы. 
Аталмыш факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша тіркелді. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп, полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу