"7 қазан сағат 4:30 шамасында әл-Фараби АПБ-на қалалық ауруханаға оқ жарақатымен ер адам жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Дерек ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша СДТТБТ-не тіркелді. Тергеу барысында кафелердің бірінде белгісіз тұлғалар қарудан оқ атып, келушіні жарақаттап, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды. Жараланған ер азамат жансақтау бөлімінде", - делінген хабарламада.
Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер "ВАЗ-21014" автокөлігін анықтап, оның салонынан екі қару тапқан. Қазір күдіктілерді ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Іс қалалық прокуратура мен полиция департаментінің бақылауына алынды.