Шымкентте атыс болып, кісі өлімі орын алды

915

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Шымкентте атыс болып, кісі өлімі орын алды

Шымкентте атыс болып, бір адам көз жұмды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Оқиға өткен жұма күні қаладағы Тараз ықшамауданында болған екен.

"Қазір Шымкент қаласы полиция департаментімен жергілікті тұрғынды өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, қылмыскерді ұстауға бағытталған қажетті шұғыл іздестіру шаралары атқарылуда. Өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды",– дейді полициядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу