Шымкентте атыс болып, 1 адам оққа ұшты

8190

5 адам ауруханаға түскен.

Шымкентте атыс болып, 1 адам оққа ұшты

Шымкенттегі орталық кафелердің бірінде тапа-тал түсте атыс болды. Салдарынан 1 адам көз жұмып, тағы 5 азамат ауруханада жатыр.

Арғынбеков көшесінің бойында орналасқан дәмханада 2 адам қарудан оқ атқан. Кейін олар "Сайга" моделінің екі мылтығын кафеден 300 метр қашықтықта, елсіз жерге лақтырып кетіп, өздері бой тасалапты.

Атыс салдарынан ауыр жарақат алған 1 адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен. 

Қазір қылмысқа қатысы барлар тұтқындалды. Бұдан бөлек, дәмхананың жанында тұрған екі қымбат автокөлік тәртіп сақшыларының назарына түскен. Олардың бірінің салонынан құқық қорғау органдары теңге мен долларға толы қап тапқан.

"Оқиға орнынан екі Макаров тапаншасы, бір травматикалық тапанша, аңшы мылтығы және "Сайга" мылтығы, 12 дана оқ алынды. Тұрақ орнынан екі автокөлік – 70-ші үлгідегі "Тойота" және жол талғамайтын "Lexus RX 350" тұрған",– делінген қалалық прокуратура таратқан мәлімдемеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу