Шымкентте ауаны шектен тыс ластаған 7 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды

141

Экология талаптарын бұзған 38 өндіріс орнына 284 миллион теңге айыппұл салынды.

Шымкентте ауаны шектен тыс ластаған 7 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды Фото: canva.com

Тексеріс барысында олардың мұржаларға тазалау қондырғыларын орнатпағаны, зиянды қалдықтарды шекті мөлшерден асырып жібергені және экология департаментінен рұқсат алмағаны белгілі болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мегаполистегі ең ірі 4 кәсіпорын: цемент шығаратын екі өндіріс орны, Шымкент мұнай өңдеу зауыты мен жылу энерго орталығы жылына ауаға 500 тоннаға дейін улы қалдықтар таратады. Сондықтан оларға автоматты түрде мониторинг жасайтын жүйе орнату міндеттеліп отыр. 

"Экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген 7 кәсіпорынның сот арқылы жұмысы уақытша тоқтатылған. Яғни тексеру барысында қосымша ластау көздерін рәсімдемеген немесе тазалау қондырғысын орнатпаған. Сол заңбұзушылық үшін сотқа талап арыз жолдадық", – дейді Шымкент қаласы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары Сабырбек Балыбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу