Шымкентте ер адамды ұрған аудан әкімі жазаланды

252

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қалалық департаменті хабарлады.  

Шымкентте ер адамды ұрған аудан әкімі жазаланды Фото: Видеодан скриншот

Қаратау ауданының әкімі Алмас Абаев тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, шенеунікке "қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту" түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. Мұндай шешім қалалық әкімнің өкімімен, Әдеп жөніндегі комиссияның ұсынысы негізінде қабылданған.

Тексеруге БАҚ-та жарияланған материал себеп болған. Осыдан кейін аудан әкіміне қатысты тәртіптік іс қозғалып, қызметтік тексеру жүргізілген. Іс материалдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі комиссиясының қарауына жолданған. Қарау нәтижесінде комиссия Алмас Абаевтың әрекеттерінде қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бар деген қорытындыға келген.

Қалалық әкімдік аппараты тәртіптік жаза қолданылғанын растады. Тиісті өкімге 2026 жылғы 6 сәуірде қол қойылған.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде футбол алаңында ер адам біреуге қол көтеріп жатқан видео тараған. Көпшілік бұл адамды Қаратау ауданының әкіміне ұқсатады. Осы оқиғадан кейін әкімдікте қызметтік тексеру басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу