Шымкентте әуе шарлары фестивалі өтеді

1905

Екі күнге жоспарланған фестивальге елімізден бөлек, Украина, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Иран, Қытай, БАӘ-ден келген 20 монгольфер қатысатын болады.

Шымкентте әуе шарлары фестивалі өтеді

23-24 наурызда Шымкентте Наурыз мерекесі аясында жыл сайынғы ең жарқын оқиғалардың бірі – ASHYQ ASPAN фестивалі өтеді, деп хабарлайды otyrar.kz. 

Екі күнге жоспарланған фестивальге елімізден бөлек, Украина, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Иран, Қытай, БАӘ-ден келген 20 монгольферлер қатысатын болады. 20 әуе шары демонстрациялық ұшуларды келушілердің назарына ұсынбақ. Аэронавигацияның тәжірибелі ұшқыштары шеберлік сабақтарын өтетін болады. Сондай-ақ, түрлі сыйлықтар ойнатылады. Флешмоб, фотосессия жасауға мүмкіндік бар. Көше әртістері жонглерлер, сиқыршылар өнер көрсетпек.

Еске салайық, өткен жылы наурыз айында Шымкентте ASHYQ ASPAN халықаралық әуе шарлары фестивалі табысты өтті. Бір ақ күн ұйымдастырылған шараны 50 мың көрермен тамашалаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу