Шымкентте әуе шарларының "Ашық аспан" халықаралық фестивалі өтті

1999

Былтыр 6 елдің өкілдері атсалысқан іс-шараға биыл 11 мемлекет қатысты.

Шымкентте әуе шарларының "Ашық аспан" халықаралық фестивалі өтті

Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған іс-шараның ауқымы кеңейе түскен. Былтыр 6 елдің өкілдері атсалысқан іс-шараға биыл 11 мемлекет қатысып отыр, деп хабарлайды otyrar.kz.

Олардың қатарында елімізден бөлек Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Түркия, Румыния, Венгрия, Молдова, Белорусь мемлекеттері бар. Осылайша, Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары 20-дан астам аэростатпен көкке көтерілу бақытына ие болды.

Шармен әуеге бір рет көтерілудің құны 2000 теңге. Бұл қаржыға сіз 15 минут бойы жоғарыда қалықтап, естелікке суретке түсіп, айналаның әсем көрінісін тамашалай аласыз.

Ұйымдастырушылар алдағы жылы Шымкенттің ТМД елдерінің мәдени астанасы атануына орай, 50 әуе шарын көкке ұшырып, енді қаланы Орталық Азиядағы "Әуе шарларынының астанасы" ретінде танытпақ.

Одан бөлек, алдағы жылдары Шымқаладан әуе шарлары ешқандай арқансыз 1500 метр биіктікке дейін көтерілуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу