Шымкентте Ауғанстан азаматы 15 жылға сотталды

147

Ол өзге елдерге есірткі тасымалдаумен айналысқан. 

Шымкентте Ауғанстан азаматы 15 жылға сотталды Фото: freepik

Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ауғанстан Ислам Республикасының азаматы Х.М.П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Х.М.П. ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігімен (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы),  297-бабы 3-бөлігінің 1), 3), 5) тармақтарымен (есірткі ж.б. өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемден, сақта, тасымалда, жөнелту не өткізу) айыпталған.

Сотта Х.П. Ауғанстан Ислам Республикасының басқа азаматтарымен алдын-ала сөз байласу арқылы ҚР шекарасынан жүк көлігімен аса ірі мөлшерде 3 келіден аса метамфетамин психотроп затын "Кола" сусынының ыдысына жасырып құйып, заңсыз өткізгені анықталды.

Одан әрі осы психотроп заттарды заңсыз өткізу мақсатында Ресей Федерациясына тасымалдамау кезінде оны Шымкент қаласы бойынша ҰҚК-нің қызметкерлері құрықтаған.  

Прокурор Х.М.П.-ға түпкілікті 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы Х.М.П. тағылған айыпты толық мойындады және жазаны жеңілдетуді сұрады.  

ҚК-нің 286-бабының 4-бөлігінің санкциясында 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көзделеді.  ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінің санкциясында 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көзделеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу