Шымкентте аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған орталық ашылды

581

Шымкент қаласында аутизм спектрі бұзылған және басқа да ауытқулары бар балаларға арналған "Қамқорлық" күндізгі емдеу орталығы ашылды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Шымкентте аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған орталық ашылды Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Салтанатты шараның ашылуына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов, "Қазақстан халқына" ҚҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев пен "Samruk- Kazyna Trust" корпоративтік қорының өкілдері қатысты.

"Инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған "Қамқорлық" бастамасының үшінші кезеңін жүзеге асыру аясында жергілікті мемлекеттік органдармен еліміздің 8 өңірінде мыңнан астам баланы қамтитын орталықтарды ашу жұмыстары жүргізілуде. Барлық аймаққа орталық қызметінің және интерьер дизайнның бірыңғай тұжырымдамасы жолданды", деп өтті Ербол Оспанов.

Жаңа орталықтардың ашылуы аутизм спектрі бұзылған және басқа да ауытқулары бар балаларға сапалы қызмет алуға мүмкіндік береді. Әрбір орталық 125 адамға қызмет ету арналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу