Шымкент қаласы "Тұран 2" шағынауданындағы құрылыс алаңында жұмыс істеп жүрген 22 жасар жігітке құрылыс материалы құлап, көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz OTYRAR сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ-та тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиға 16 қазан күні кешкі сағат 5-6 шамасында болған.
Видеодан құрылыс аумағында 3 жұмысшының төменде тұрғанын, төбеден құлаған ағаш бірінің үстіне түсіп, басып қалғанын көруге болады.
Құрылыста қаза тапқан жұмысшының туыстары әділ тергеуді талап етіп, "Тұран 2" шағынауданындағы 12 қабатты үйдің құрылысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмағаны туралы мәлімдеді.
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.