Шымкентте ауыр қылмыс жасаған ер адам іздестіріліп жатыр

886

Ол мемлекетаралық іздеуде жүр.

Шымкентте ауыр қылмыс жасаған ер адам іздестіріліп жатыр Фото: inbusiness.kz

Шымкентте ауыр қылмыс жасаған Түркістан тұрғыны іздестіріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 1986 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны Ерлан Тәжібаевты іздестіріп жатыр. Ер адам 2012 жылы өзінің таныстарымен алдын-ала сөз байласып, ер адамды атып өлтірген. Одан соң қылмыскерлер жәбірленушінің қымбат көлігін ұрлап, қашып кеткен. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында сыбайластардың үшеуі ұсталып, қамауға алынды.

Бүгінде Ерлан Тәжібаев мемлекетаралық іздеуде жүр.

Полиция күдіктінің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетін адамдарға 102, 8-7252-97-66-44, 8701-555-28-06, 8775-777-23-05 байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу