Шымкентте автобус қағып кеткеннен көз жұмғандар саны бес адамға жетті

692

Шымкентте басқарылмайтын автобус қағып кеткен тағы бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Шымкентте автобус қағып кеткеннен көз жұмғандар саны бес адамға жетті Фото: inbusiness.kz

Жансақтау шараларына қарамастан, тағы бір адам алған жарақатынан көз жұмды. Осылайша, құрбандар саны 5 адамға жетті.

Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.

Тағы бір 18 жастағы қыз қалалық клиникалық ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шегуші нейрохирургия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр, жағдайы тұрақты.

Еске салайық, сенбі, сәуірдің 8-і күні Бәйтереков-Назарбеков көшелерінің қиылысында жүргізушінің басқаруынсыз қалған автобус бөктермен төмен қарай жүріп кетіп, қатты жылдамдықпен 6 адамды қағып кеткен болатын. Үш адам оқиға орнында, тағы екеуі ауруханада көз жүмды. Бір бойжеткен аман қалды, қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу