Шымкентте автобус қызды қағып кетті

542

Шымкентте қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқиға 22 ақпанда сағат 10:00 шамасында Ахмет Байтұрсынов көшесінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Шымкентте автобус қызды қағып кетті Фото: otyrar.kz

otyrar.kz хабарлауынша, зардап шеккен қыз жолды кесіп өтпек болған. Сол кезде қалалық №27 бағыттағы автобус оны қағып кеткен.

Жүргізуші қызды көрген бойда тежегішті басып, рөлді өзге бағытқа бұрған. Алайда кенеттен шығып қалғандықтан, алын алу мүмкін болмаған. Шымкент денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдемге қоңырау сағат 10:17-де түскен.

Мамандар сол жерде кәмелетке толмаған тұрғынға медициналық көмек беріп, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген. Онда алғашқы көмек берілген соң жасөспірім балалар ауруханасына ауыстырылған. Қазіргі жағдайы орташа ауыр.

"Баланың жағдайына байланысты нейротравматология бөліміне жатқызылды. Қазіргі баланың жағдайы орташа ауыр, есін біледі, жабық бас ми жарақатын аллған, бас миы соғылған", - деп мәлімдеді Шымкент клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің хирургия ісі жөнінде орынбасары Ержан Байдуллаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу