Шымкентте автокөлік терезесін күңгірттеп алған жүргізушілер жауапқа тартылды

545

Қала аумағында жыл басынан терезелері күңгірттелген 1174 автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Шымкентте автокөлік терезесін күңгірттеп алған жүргізушілер жауапқа тартылды Фото: Polisia.kz

Шымкентте жыл басынан бері автокөлігінің терезесін күңгірттеп алған мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулар мен жағдайлары бар көлiк құралдарын басқару 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келіп соғады. 

Полиция қызметкерлері терезенің жарық өткізу талаптарының (нормаларынан) асып түсетін көлік құралдарын пайдалану жайттарын анықтау және жолын кесуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу