Шымкентте автовокзал өртенді (Видео)

1143

Зардап шеккендер жоқ. 

Шымкентте автовокзал өртенді (Видео)

 Бұл туралы Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"9 маусым сағат 15:13-те Абай ауданы, Темірлан тас жолы 129 мекен-жайда "Бекжан" автовогзалының тұрағында дүнгіршектер жанып жатыр деген хабарлама түсті. Өрт сағат 15:36-да қайтарылып, сағат 15:43-те толығымен сөдірілген. 280 шаршы метр отқа оранған.  Оқиға орнында тілсіз жаумен күреске ТЖД жеке құрамынан 45 адам, 7 техника жұмылдырылды.  Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ", – деп жазылған хабарламада. 

Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу