Шымкентте азық-түлік сататын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалармен жұмыс жүргізілуде

307

Шымкентте 128-ден астам делдалдық схемалар мен артық сауда үстемелерінің фактілері анықталды.  

Шымкентте азық-түлік сататын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалармен жұмыс жүргізілуде Фото: Inbusiness.kz

Шымкент қаласының көшпелі өңірлік комиссиясы тұрақты негізде қаладағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын белгілеуге айтарлықтай ықпал ететін барлық сауда объектілерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеуді тұрақтандыру шеңберінде сауда нысандарының басшылығымен және комиссияның барлық қатысушыларымен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сататын жеке кәсіпкерлермен және заңды тұлғалармен жұмыс жүргізілуде", - деп хабарлады Шымкент қаласының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде.

Жыл басынан бугінгі таңға 93 отырыс өткізілді, делдалдық схемаларды анықтау және сауда үстемеақыларын көтеру фактілері - 128. Сондай-ақ, комиссия жыл басынан бері барлығы-201 субъектісіне атап айтқанда, өндірушілерге-35, көтерме саудагерлерге-56, 101-үй жанындағы дүкендеріне мен 9-сауда желілері, бойынша электронды шот-фактураларға талдау жүргізілді. Сауда үстемесін көтерудің фактілері және анықталған делдалдық схема бойынша жұмыс атқарылуы барысында сауда қызметі субъектілерімен түсіндірме әңгімелері өткізіліп 39- фактілер бойынша бағалар заңмен қарастырылған сауда үстемесі шегінде төмендетілді.

Қазіргі уақытта бірқатар кәсіпкерлік субъектілерінің ЭШФ деректеріне, ӘМАТ-ты сатып алу және іске асыру бөлігінде талдау жүргізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу