Шымкентте бала 24 метрлік құдыққа құлап кеткен

120

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел түрде жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Шымкентте бала 24 метрлік құдыққа құлап кеткен Фото: ТЖМ

Шымкент қаласының 112 пультіне Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй аумағында ересектердің қарауынсыз қалған 2024 жылы туған қыз баланың құдыққа құлап кеткені туралы хабарлама түскен. 

"Келген кезде құдықтың тереңдігі шамамен 24 метр екені анықталды. Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, құдыққа түсіп, баланы абайлап жер бетіне шығарды", – делінген хабарламада. 

Қыз бала әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу