Шымкентте балабақша басшылығы бюджеттен 8 млн теңге жымқырған

115

Прокуратура бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатқанын хабарлады.

Шымкентте балабақша басшылығы бюджеттен 8 млн теңге жымқырған Фото: canva.com

Шымкентте балабақша құрылтайшыларына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіркелгендігі туралы жалған мәліметтердің енгізілгенін анықтады.

Талдау барысында мемлекет бюджетінен бөлінген 8 млн теңгеден астам сома қаражатын заңсыз пайдалану фактілері анықталды.

Атап айтқанда, "Т" және "Б" жекеменшік мекемелер Білім басқармасына балабақшаға бармаған балалардың білім алып жатқандығы туралы жалған мәліметтер (өлі жандар) ұсынып, мемлекет қаражатын өз бетінше пайдаланған.

Шымкент қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотының үкімімен балабақша құрылтайшылары алаяқтық жасағандары үшін әртүрлі жазаларға тартылып, мемлекетке келтірілген залалды толығымен қайтарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу