Шымкентте балабақша директорлары 45 млн-нан астам теңге ұрлаған

919

Әңгіме "Балапан" мемлекеттік бағдарламалары мен жан басына шаққандағы қаржыландыру туралы болып отыр. 

Шымкентте балабақша директорлары 45 млн-нан астам теңге ұрлаған

Шымкент қаласы бойынша ҚМА аумақтық басқармасы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мектепке дейінгі мекемелердің басшылары 2019-2021 жылдар аралығында балабақшаға келу есебіне дұрыс емес мәліметтер енгізу арқылы мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландырудың "Балапан" бағдарламасы бойынша қарастырылған жалпы сомасы 45,7 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған деген күдік бар.

Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу