Шымкентте балабақша иелері сотталды

724

Сотқа дейінгі тергеп - тексеру нәтижесінде бюджетке келтірілген залал толық бюджетке қайтарылды.

Шымкентте балабақша иелері сотталды Фото: freepik

Шымкент қалалық прокуратура органдарымен 4 жеке балабақша иелері балабақшаға келмеген балалар үшін жалпы сомасы 29,6 млн. теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденгендігі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп - тексеру нәтижесінде бюджетке келтірілген залал толық бюджетке қайтарылды. Сот үкімімен 1 тұлға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы қолданылса, 1 тұлға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мәселен, Г.М.Рысбекованың меңгеруіндегі "Али мен Айя" бөбекжай-бақшасы" ЖШС-і 2020 жылдың наурыз айынан бастап 2022 жылдың желтоқсан айына дейін балабақшаға келмеген 15 бала үшін, олар келді деп құжаттар тапсыру арқылы бюджеттен 8,7 млн. теңгенің үстінде қаржыға ие болған.

Бұл қылмыс үшін соттың 23.02.2024 жылғы үкімімен Г.М.Рысбекова ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігінің 1) тармағымен кінәлі деп танылып, оған өмір бойы мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды атқаруға өмір бойы тыйым салынып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Мұндай қатаң үкімнің шығарылуы аталған тұлғаның бұрын да сотты болып, сот үкімінің орындалуы кейінге қалдырылуы негіз болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу