Шымкентте балабақша қызметінің құны бір жылда 19,2%-ға өсті

483

Шымкентте балабақша қызметінің құны бір жылда 19,2%-ға өсті

Ranking.kz порталының зерттеуінше, ел бойынша бірінші жартыжылдықта мектепке дейін білім беру саласының қызметақысы12,5%-ға ұлғайып, 71,9 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 млрд теңгеге көп көрсеткіш.

Жаз маусымында балабақшаға немесе дамыту орталығына бір күн барған баланың ата-анасынан 817 теңге алынып отырған. Былтыр бұл сомма қазіргіден 5% кем болған.

Мектепке дейін білім беру саласына астаналықтар көп шығындалады екен. Елордадағы ата-аналар мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне балаларын бір күн апарғаны үшін 1 862 теңге төлейтін көрінеді.

Шымкентте саладағы қызмет көрсету құны 858 теңгеден 1 203 теңгеге көтерілген. Алматыда баға 14,6%-ға қымбаттап, 1 666 теңгеге жеткен. Ал Семейде 669 теңгеден 739 теңгеге артқан.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысына сәйкес, мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің орташа айлығы 61,6 мың теңге болған. Яғни өткен жылмен салыстырғанда 1,1%-ға ғана ұлғайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу