Шымкентте балалар кардиологиялық орталығы ашылады

701

Бұл туралы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов еліміздің бас кардиохирургі Юрий Пямен өткен кездесуде мәлім етті.

Шымкентте балалар кардиологиялық орталығы ашылады

Қала басшысы мен білікті дәрігер екі жақты келісім жасап, халық саны көбейіп келе жатқан мегаполисте балаларға арналған кардиологиялық орталықтың қажеттігі туралы сөз етті, деп хабарлайды otyrar.kz.

Айта кетейік, жүрек ақауына шалдыққан азаматтарға Шымкенттегі кардиологиялық орталықта медициналық қызмет көрсетілсе, 18 жасқа дейінгі балалар Нұр-Сұлтанға барып ем алады. Қалада жаңа кардиологиялық орталық ашылса, науқас балалар алысқа сабылмай-ақ, осында ем алатын болады дейді басшылар.

"Жылдан жылға оңтүстік өңірінде туылатын балалар саны көбейіп келеді.Өкініштісі сол, туа бітті ауруға шалдыққан балалардың саны көбейіп келе жатқандықтан, санавияциялық қызметпен қаладан республикалық орталыққа жеткізілетін кішкентай пациенттер жетерлік. Шымкентте мықты кардиологиялық мамандар жетерлік. Сондықтан менің ойымша мұнда балалар кардиохирургиясын ашып, жүрек ахауына шалдыққан науқас балалардың дерттін ерте бастан емдеу қажет", ­– дейді "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық" АҚ басшысы Юрий Пя.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу