Шымкентте балаларға қандай есім көп қойылады

231

Адия-Бегім, Медина және Сафина есімдері қыз балалар арасында үздік үштікке енген.

Шымкентте балаларға қандай есім көп қойылады Фото: canva.com

Шымкент қаласы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" филиалы жаңа туған нәрестелерге қойылатын ең танымал есімдердің рейтингін жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қыз балалар арасында үздік үштікке Адия-Бегім, Медина және Сафина есімдері кірсе, ұл балалар арасында Ақжүрек, Балмейір және Мұрагер есімдері ең көп қойылған.

Жыл басынан бері Шымкент қаласында 3 мыңнан астам ата-ана туу туралы куәлікті онлайн форматта рәсімдесе, 958 өтінім ХҚКО арқылы берілген. Ал өткен жылы ХҚКО арқылы 10 мыңнан астам нәрестеге туу туралы куәлік берілген болса, 36 мыңнан астам құжат онлайн форматта рәсімделген.

Онлайн қызметтердің енгізілуі туу туралы куәлікті алу процесін едәуір жеңілдетті. Бүгінде ата-аналар құжатқа өтінішті проактивті түрде, сондай-ақ, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы да бере алады. Сонымен қатар, қызметті дәстүрлі тәсілмен ХҚКО арқылы алу мүмкіндігі де сақталған. Бұл мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, – деді АХАТ басқарма басшысы Ақбота Карнакбаева. 

Сондай-ақ, Шымкентте туу туралы куәлікті салтанатты түрде табыстауға арналған "Салтанат залы" жұмыс істейді.

Мұнда АХАТ қызметкерлерінің қатысуымен баланың алғашқы құжатын мерекелік жағдайда тапсыру рәсімдері қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу