Сайт мәліметінше, әлеуметтік желілерде анасының өз баласына қатыгездік жасағаны туралы бейнежазба тараған.
Аталған жайт бойынша Қаратау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізді. Бейнежазбада көрсетілген әйел анықталып, одан түсініктеме алынды. Полиция қызметкерлері және Білім басқармасының қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің мамандары әйелмен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Қазіргі таңда орын алған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу