Шымкентте балмұздақтан уланған 23 бала ауруханаға түсті

846

Шымкентте балмұздақтан уланған 23 бала ауруханаға түсті

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына тағамнан улану диагнозымен 23 адам түскен. Бұл туралы аурухананың бас дәрігері Ғалым Айнабек айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

Ауруханаға түскендер 5-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер.

"Қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Төртеуі жан сақтау бөлімінде – екі бала және 17 мен 18 жасар екі жасөспірім. Олардың барлығы балмұздақты Республика даңғылы бойында орналасқан "Қиял әлемі" саябағы жанындағы "Южное" дүкенінен сатып алған", - деді бас дәрігер.

Оның мәліметінше, балалар мен жасөспірімдер балмұздақты 27-28 наурызда жеген, ал 29-30 наурызда ауруханаға жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу