Шымкентте баспанасыз қалған 45 отбасы келесі жылдың күзінде жаңа пәтерге кіретін болады. Құрылыс жұмыстары алдағы қарашада басталмақ, деп хабарлайды astanatv.kz.
"Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарын баспанасы күлге айналған 45 отбасымен кездесуден бастады. Көппәтерлі ескі үй биыл маусым айында жанып кеткен болатын. Олардың бұл мәселесімен партия өкілі әлеуметтік желіде танысыпты. Енді оларға арнап жаңа көп қабатты үй салу жоспарланып отыр.
Зардап шеккен тұрғындарға жаңа үйден пәтер тегін берілмек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу