Шымкентте бастауыш сынып мұғалімінен туберкулез анықталды

460

Педагог 1 және 4 сынып оқушыларына сабақ беріп келген екен. 

Шымкентте бастауыш сынып мұғалімінен туберкулез анықталды Фото: azh.kz

Шымкентте жалпы орта білім беретін №33 мектептің бастауыш сынып мұғалімінен туберкулездің ашық түрі анықталды, деп жазады inbusiness.kz elitar.kz-ке сілтеме жасап.

СЭС мамандарының айтуынша, оқушылар мен оқытушылар  арасында туберкулездің таралуына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылданған. Санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жалғасуда.

“11 сәуірде аталған жағдай анықталғаннан кейін мектепте толықтай дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Кеше, 12 сәуірде мектеп жұмыс істемеді. Мұғаліммен байланыста болғандар анықталып, олар медициналық бақылауға алынды. Науқастың өзі ауруханаға жатқызылды. Оның жағдайы тұрақты”,-деді Шымкент қаласы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.

Барлық қабылданған шараларға қарамастан ата-аналар балаларының денсаулығына алаңдап отыр. Олардың айтуынша, осыдан екі жыл бұрын аталған мектепте оқитын оқушыдан туберкулез анықталған екен. Содан бері бүкіл сынып әлі күнге дейін 6 ай сайын медициналық тексеруден өтіп келеді.

Білім мекемесінің директоры бүгін балалар дәстүрлі форматта білім алып жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу