Шымкентте "батыр аналарға" 8 наурызға орай ақша беріледі

201

Бір реттік әлеуметтік төлем үшін көпбалалы аналардың тізімі "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорциясы КЕАҚ базасынан алынады.

Шымкентте "батыр аналарға" 8 наурызға орай ақша беріледі Фото: canva.com

Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай "Алтын" және "Күміс" алқа иегерлері, "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

2025 жылдың 1 ақпандағы мәлімет бойынша Шымкент қаласында көпбалалы аналар саны – 67 741 құраған. Оның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен марапатталғандар саны – 13 805. Көп балалы, яғни 4-5 баласы бар аналар саны 53 936.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу