Шымкентте бауырды ауыстыру отасында алғаш рет мәйіт доноры қолданылды

654

Ерекше ота Шымкент қаласының №1 клиникалық ауруханасының қабырғасында жасалып отыр.  

Шымкентте бауырды ауыстыру отасында алғаш рет мәйіт доноры қолданылды Фото: gov.kz

Дәрігер атап өткендей, науқастың созылмалы бауыр циррозы бойынша есепте тұрғанына 5 жыл болған. Шамамен бір апта бұрын жасалған бұл ота 6 сағатқа созылған. Қазір науқастың жағдайы, ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған.

"Мұндай ота оңтүстік өңірде алғаш рет жасалды. Марқұмның туыстары мәйітті донорлыққа пайдалануға заңды түрде келісімін берді. 16 қарашада түнгі сағат төртте біз отаны бастап кеттік. Мәйіттің басқа органдарын донорлық үшін елорданың емдеу мекемелері мамандары санавиация көмегімен алып кетті. Отадан кейін төртінші күні науқас өздігінен тұрып, жүре бастады, қазір жағдайы жақсы. Негізінде, мәйіт донорынан трансплантациялар сирек жасалады, бүкіл әлемде донорлар жетіспейді. Шымкентте органдарды ауыстыру отасы 2013 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда 191 бүйрек, 30 бауыр трансплантациясы жасалды. Ал мәйіт донорынан трансплантация алғаш рет жасалды", - дейді Шымкент қаласының №1 клиникалық ауруханасының дәрігерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу