Әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан Шымкентте қатты жауын-шашынның кесірінен базар ішін су басқанын көруге болады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Шатырдан өткен жаңбырдан сатушылардың тауарлары су болып, жарамсыз болып қалған. Нөсер су базар ішінде өзен секілді қатты жылдамдықпен аққан.
Бүгін төтенше жағдай қызметі қала көшелерін жиналып қалған жаңбыр суынан тазартып жатыр. Жұмысқа 12 техника, 11 мотопомпа және 37 жеке құрам қызметкері жұмылдырылған.
"Қазгидромет" мамандары бүгін өңірде күн райы жылы болғанмен, ертеңнен бастап жел тұратынын хабарлады. Ал, 30-31 тамыз күндері жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.