Шымкентте қоғамдық қауіпсіздікке арналған бейнебақылау камерасын қасақана бүлдірген қала тұрғыны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға "Жаңа Шаһар" базары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Полицияның мәліметінше, 60 жастағы Константин Силагин өткел лифтіне орнатылған бейнебақылау камерасын әдейі сындырған. Соның салдарынан қоғамдық мүлікке материалдық залал келген.
Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция қоғамдық қауіпсіздікке арналған құрылғыларды бүлдіргені үшін заң аясында жауапкершілік көзделгенін ескертті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу