Шымкентте бейнекамералардың көмегімен 13 қылмыс ашылды

666

Шымкентте бір апта ішінде бейнекамералардың көмегімен 13 қылмыс ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

Шымкентте бейнекамералардың көмегімен 13 қылмыс ашылды Фото: polisia.kz

16–22 қаңтар аралығында Шымкент қаласы полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” арнасына 5919 әртүрлі сипаттағы қоңырау шалынған. Оның 2631 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы апталық ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 13 қылмыс ашылған.

Оның ішінде:

  • ұрлық – 7;
  • автокөлікті заңсыз иемдену – 1;
  • бұзақылық – 1;
  • басқа да 4 қылмыс ашылды.

Бейнебақылаулар заң бұзушылықтың алдын алуға, қылмыстың ізін суытпай ашылуына үлкен көмегін тигізіп келеді. Сонымен қатар нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 1155 жайт анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде: нөлдік төзімділік бойынша – 240, жол ережесін бұзған – 688, одан басқа да 159 жайт анықталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу