Шымкентте белгісіз біреу полицейді пышақтап кетті

183

Оқиға 2024 жылдың 1 қыркүйегінде болған. 

Шымкентте белгісіз біреу полицейді пышақтап кетті Фото: Pixabay.com

Шымкентте әлдебіреу тәртіп сақшысының арқа тұсына пышақпен соққы жасап, оны жаралаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 2024 жылдың 1 қыркүйегінде болған. Ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іске сәйкес Қылмыстық кодексінің 380-бабы "Билік өкілін қорқыту немесе күш қолдану" бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді полиция.

Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Шабуыл жасаған ер адамның ниеті белгісіз. Жараланған полицей тірі, оның денсаулық жағдайы туралы мәлімет жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу