Шымкентте бір жасар қыздың басына кәстрөл кептеліп қалды

1116

Оқиға Төреқұлов көшесі бойындағы үйлердің бірінде орын алған.  

Шымкентте бір жасар қыздың басына кәстрөл кептеліп қалды

Шымкенттік құтқарушыларға сәбидің ата-анасы хабарласып, көмек сұраған. Оқиға орнына келген мамандар 15 минуттың ішінде қыздың басына иіліп қалған ыдысты ешбір зақымсыз алып шықты.

Белгілі болғаны, 1,5 жасар қыз екі күн бойы кәстрөлмен ойнап жүрген екен. Бірақ басына ыдысты кенеттен киіп, шығара алмаған. Қыздың ата-анасы да кәстрөлді алып шыға алмаған.

Құрамында 4 құтқарушы бар арнайы жасақ бүлдіршіннің басындағы ыдысты алып шығуға тырысқанымен, қатты қорқып қалған қыз баласы жылаумен болған. Кейін жылағаннан шаршаған бала шаршап ұйқыға кеткен кезде құтқарушылар өсімдік майын пайдалана отырып, темір ыдысты алып шыққан.

Осы ретте шымкентік құтқарушылар ата-аналарды барынша мұқият болуға шақырады.

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу