Шымкентте жол ережесін бұзған депутат бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

266

Сот отырысы ашық форматта өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкентте жол ережесін бұзған депутат бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды Фото: Бейнежазбадан

Шымкент қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ерғали Аманбаевқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 590-бабы 4-бөлігі (көрiнеу жалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiсi бар көлiк құралын басқарe) бойынша істі қарады.

– 20 тамызда Lexus көлігін тексеру барысында, оның жүргізушісі Ерғали Аманбаев болған. Көлікке орнатылған "777..." нөмірлі белгісінің басқа көлікке тіркелгені анықталды. Жауапкердің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен және заттай дәлелдемелерді алу туралы актімен расталды, деп хабарлады сотта.

Сот отырысы барысында Ерғали Аманбаев көлігіне жалған інісі орнатқанын, ал өзі оны байқамай қалғанын түсіндірді және қатаң жаза тағайындамауды сұрады.

Сот құқық бұзушылық фактісі расталған деген қорытындыға келді. Жағдайды жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Ерғали Аманбаев ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп нақтылады сот отырысында.

Сот Ерғали Аманбаевқа 4 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу