Шымкентте күзгі әскерге шақыру қызу жүріп жатыр. 1 қыркүйектен бастап 18 жасқа толған азаматтар қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментiнде медициналық комиссиядан, тестерден және сұхбаттасудан өтуде. Биылғы жылдың күзінде 700-ге жуық жасты шақыру жоспарланған, деп хабарлайды Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі.
11 қыркүйекте шақырылғандардың бірінші тобы өздерінің конституциялық борышын орындауға аттанды.
Дәрігерлердің айтуынша, әскерге шақырылушылардың көпшілігі әскери қызмет өткеруге жарамды. Тек бір күнде жүзден астам жас медициналық тексеруден өтеді.
Шымкенттің жергілікті әскери басқару органдарының хабарлауынша, еліміздің үшінші мегаполисінің жастары әскери қызметке белсенді қызығушылық танытуда, соның арқасында айтарлықтай бәсекелестік туындайды, тек үздіктер ғана әскерге бара алады.
Жас буынмен әскери бөлімдерге кетер алдында міндетті түрде ПЦР- зерттеулер әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізіледі. Ал бөлімге келгеннен кейін жастарды екі апталық карантинге оқшаулайды.