Шымкентте блогер қыз қиылыста тоқтаған көліктен шығып, билеген

591

"Шоуды" қыздың өзі және көлікте қалған ер адам тікелей эфирде көрсеткен. 

Шымкентте блогер қыз қиылыста тоқтаған көліктен шығып, билеген Фото: polisia.kz

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу барысында Шымкент қалалық ПД қызметкерлері өрескел құқық бұзушылық жасалған бейнежазбаны анықтады.

Блогер қыз қиылыста тоқтаған көліктен шығып, бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрған сәтте билей бастаған.

40 секундқа созылған қойылымды бағдаршамның жасыл түсі мен қозғалыстағы көліктердің сигналы үзді. Заң бұзушы олардан қашып, жолдың шетіне қарай жүгірді.

Патрульдік полиция полкінің инспекторлары қыздың жеке басын анықтады. Ол Қызылорда облысының тұрғыны.

Азаматша ҚР ӘҚБтК 615-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу