Шымкентте бокс мектебі ашылады

1630

Шымкентте бокс мектебі ашылады

Шымкенттегі бокс мектебінің құрылысы аяқталуға таяу. Аталмыш спорт нысаны оңтүстікқазақстандық жас боксшылардың тыңғылықты дайындалуына арналған басты спорттық база болмақ, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 
 "Солтүстік" шағынауданында орналасқан  №5-ші спорт мектебіне қарасты жаңа ғимаратта спортшылар үшін бокстың әдіс-тәсілдеріне машықтануына толық жағдай жасалған. Нысанда соңғы үлгідегі заманауи оқу сыныптары, жаттығу бөлмелері, жанға жайлы қонақүй, медицина кабинеті, монша, арнайы кәсіпқой бокс кешені және 220 көрерменге лайықталған аренасы бар.
Қазіргі уақытта бұрынғы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің бұл ғимаратында бетонды еден ағаш тақтайшалармен ауыстырылып, қымтау жұмыстары жүргізілуде. Мұның барлығы жас спортшылардың жаттығу кезінде келеңсіз жағдайларға кез болмауы үшін жасалуда.
"Қала әкімдігіне қарасты бұл кешен ел аумағындағы халықаралық талаптарға сай алғашқы бокс мектебі ретінде саналады", - дейді мекеме директоры Заңғар Қасқаев.
Мұнда білікті жаттықтырушылар жасөспірімдермен қатар, ересектер үшін де арнайы кесте бойынша дәріс бермек. Осы арқылы №5-ші спорт мектебі әлемдік кеңістіктегі спорттық шараларды қабылдау мүмкіндігі бар. Бұған дейін ел аумағында мұндай мүмкіндікке Астана және Алматы қалалары ғана ие Сонымен қатар, мұнда жас өскіндердің біліктілік қабілетін арттыру мақсатында Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен ұлттық құрама мүшелерінен дәріс алуына жағдай жасалған.
 Айта кетейік, №5-ші спорт мектебінде қазіргі таңда 700-ге таяу тәлімгер дәріс алуда.⁠⁠⁠⁠

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу