Полиция өңірде “Заң және тәртіп” қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған жедел іс-шаралар барысында ҰҚКД-мен бірлесіп прокуратураның үйлестіруімен маргиналды жастардың қылмыстық әрекетін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бірнеше мекенжайда тінту жүргізу нәтижесінде тәртіп сақшылары заңсыз әрекеттердің маңызды дәлелі болатыны көптеген айғақты заттарды анықтады.
Атыс қарулары мен суық қару, өзге автокөліктердің техпаспорттары, телефондар және есірткі құралы тәркіленді. Тергеу барысында топтың басқа да мүшелері анықталды. Олардың екеуі бұзақылық қылмысы бойынша, біреуі – заңсыз қару сақтағаны, тағы біреуі есірткі қылмысы бойынша күдіктілер. Ұсталғандардың барлығы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда.