Шымкентте боран соғып, жолдар жабылды

1205

Жол учаскелері түннен бері жабық.

Шымкентте боран соғып, жолдар жабылды

Шымкентте боран және көктайғақ салдарынан облыстық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырады.

"Биыл 6 ақпан кешкі сағат 21.40-ден бастап Бәйдібек ауданындағы 77-152 шақырым жолдың "Қошқарата-Жарықбас-Бірлік" ШҚ-1 бөлігінің 4 шақырым учаскесі барлық көлік үшін жабылды. 

Сондай-ақ Түркістан облысы Созақ және Бәйдібек аудандарында облыстық маңызы бар жолдың 577-642 шақырымы ШҚ-2 "Ұланбел-Созақ-Екпінді" жол учаскесі, "Шолаққорған-Шаян" учаскесінде барлық көлік үшін жабылды. Республикалық маңызы бар М-32 "Самара-Шымкент" тас жолының 2057-2080 шақырымында (Қызылорда облысының шекарасы – Түркістан облысы Шорнақ ауылы) барлық көлік үшін жол жабылды", – деп жазылған басқарма таратқан хабарламада.

Биыл 7 ақпан түскі сағат 13:00-ден бастап жол қозғалысына шектеу енгізілген. Сонымен қатар Шымкентте толассыз жаңбырдан бірнеше ауданды су басты. 4 аудандағы көшелер мен аулаларды судан тазартуға 150-ге жуық адам, 50-ден аса техника және 30 мотопомпа тартылған.

"Су басқан аудандардың аумағынан ТЖ департаменті мен Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдарының күшімен 975 текше метр су сорылды", – деп жазылған департамент таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу