Шымкентте бұрымды боксшылар арасындағы спартакиаданың алғашқы күні аяқталды

1064

Спартакиададағы алғашқы жекпе-жектерін жеңіспен аяқтағандар қатарында ұлттық құрама ардагерлері Ангелина Лукас (51 келі) пен Аида Оңдаш (81 келі) және Анель Құдайберген (48 келі), Жансая Әбдірайымова (51 келі) сынды жас спортшылар бар.  

Шымкентте бұрымды боксшылар арасындағы спартакиаданың алғашқы күні аяқталды

Шымкентте әйелдер боксынан Қазақстан спартакиадасының іріктеу айналымы өтуде. Бірінші жарыс күнінде спортшылар алты салмақ дәрежесінде бақ сынады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әлия Юсупова атындағы спорт кешенінде өтіп жатқан боксшылар додасы 18 мамырға дейін жалғасады.

Спартакиададағы алғашқы жекпе-жектерін жеңіспен аяқтағандар қатарында ұлттық құрама ардагерлері Ангелина Лукас (51 келі) пен Аида Оңдаш (81 келі) және Анель Құдайберген (48 келі), Жансая Әбдірайымова (51 келі) сынды жас спортшылар бар.  

54 келіде Динара Жәмірова, 60 келіде Анджа Сәдуақасова мен Лаура Есенгелді, 69 келіде Мадина Жөкенова, 81 келіде Алтын Мұқышпековалар келесі кезеңге өтті.

Бүгін шаршы алаңға 54, 57,64, 75 және 81 келіден жоғары салмақтағы боксшылар шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу