Шымкентте дәрігерді балағаттаған науқас қамауға алынды

120

Айыпталушы сотта өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. 

Шымкентте дәрігерді балағаттаған науқас қамауға алынды Фото: freepik

Шымкенттегі емханалардың бірінде науқас дәрігерді балағаттағаны үшін 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық соттың мәліметінше, 5 қаңтар күні ер адам жанжал кезінде дәрігерге балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. 

Кінәлі жәбірленушіден кешірім сұрап, өзін қатаң жазаламауын сұрады. 

"Сот жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып, оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігіне сәйкес бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады", – делінген хабарламада.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу