Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Шымкентте тұратын жүкті әйел шұғыл №2 қалалық аурухананың перзентханасына жеткізілген.
Ол қатты қан кетумен, 3-дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында келіп түскен екен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
"Операциялық үстелде оның жүрегі тоқтап қалды. Бірақ құрамында анестезиологтар, акушер-гинекологтар, операциялық мейіргерлер, трансфузиологтар бар дәрігерлер тобы жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді. Негізгі өмірлік функцияларын қалпына келтіргеннен кейін қан кетуді тоқтату операциясы жүргізілді және дәрігерлер бригадасының үйлесімді және жоғары білікті іс-қимылдарының арқасында пациенттің өмірін сақтап қалды", – делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда босанған әйел мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық және оларды үйге шығаруға дайындап жатыр.