Шымкентте дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің басшысы сотталды

172

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Шымкентте дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің басшысы сотталды Фото: canva.com

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері" КММ басшысы И. Долбиловаға және осы ұйымның бухгалтері М. Абдукаримоваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу жолымен 3,4 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу