Шымкентте де LRT салынуы мүмкін

619

Қала әкімі жоспарларымен бөлісті. 

Шымкентте де LRT салынуы мүмкін

Шаһар әкімі Мұрат Әйтенов бұл жобаның қазірдің өзінде жоспарлау сатысында екенін, бірақ халық саны қарқынды өсіп жатқандықтан мегаполиске мұндай жоба қажет екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бұл жоба біздің бас жоспарымыздың бір бөлігі ретінде қарастырылуда. Ол жүзеге аса ма, жоқ па, әлі алда. Бірақ барлық сарапшылар автобустан басқа баламалы көлік болуын талап етуде. Бұл сәйкесінше LRT және BRT. Қайсысы бірінші орындалатыны қала бюджетінің мүмкіндігіне байланысты. Сонымен қатар инвесторлардың мүмкіндіктері мен ұсыныстарын ескеру керек. Бүгінде елімізде қоғамдық көліктер толығымен нарықтық экономикаға көшті", – деді әкім.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу