Шымкентте дене қызуымен ауруханаға түскен адам көз жұмды

764

Шымкентте дене қызуымен ауруханаға түскен адам көз жұмды

Шымкентте мектеп бітіруші түлек ауруханада қайтыс болды. 18 жастағы жасөспірім таңғы сағат 6-да қалалық жұқпалы ауруханалар ауруханасына дене қызуымен түсіп, 7-лер шамасында жан тәсілім еткен, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда мектеп бітірушінің менингиттен қайтыс болған деп күдіктелуде. Осы оқиға бойынша бірнеше сараптамалар тағайындалды.

Әзірге белгілісі, бақилық болған түлек қаладағы №9 мектеп лицейінде оқыған. Ол бүгін мектепті бітіргені жөнінде аттестат алуы керек болған.

Айта кетейік, өңірде биыл менингитті 4 адам жұқтырып, екі бала қайтыс болған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу