Шымкентте дизель отынының тапшылығы қашан шешіледі

1091

Сауалға шаһар басшысы жауап берді.  

Шымкентте дизель отынының тапшылығы қашан шешіледі

Елордада өткен Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатында мегаполис әкімі Мұрат Әйтеновке көпшілік көкейіндегі сұрақ қойылды. Шаһар басшысы дизель отыны мәселесі осы аптаның соңына дейін шешілетінін көп ойланбастан айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бізде өткен аптада да, осы аптада да дизель отынының тапшылығы болды, жағдай әлі тұрақталған жоқ. Оның себебі қаламыздағы мұнай өңдейін зауыт бір айға жөндеу жұмысына жабылды. Өйткені үш жыл бойы ол тоқтамай жұмыс істеген. Сондықтан қорымыз жетпеген уақытта осындай жағдайлар болды. Бірақ зауыт 13 маусымнан бері қайта ашылды. Қазір қала тұрғындарына қажетті дизель мен жанармайды жеткізіп жатыр. Осы аптаның аяғына дейін бәрі тұрақтандырылады", – деді Мұрат Әйтенов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу