Шымкент қаласында зағип жандарды қолдау мақсатында дыбысты бағдаршамдар орнатылып жатыр. Қазіргі таңда шаһардағы 20 жол қиылысында 40 дыбысты бағыттағыш іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл бағдаршамдардың ерекшелігі сол - қай көшенің қилысында тұрғаныңызды, жүруге неше уақыт қалғанын еске салып тұрады.
Сала мамандарының мәлімдеуінше, өңірде мүмкіндігі шектеулі 109 мыңнан астам тұрғын бар. Оның жартысына жуығы - зағип жандар. Осындай бағдаршамдарды алдағы уақытта қаланың өзге де көшелеріне орнату жоспарланған. Бұдан бөлек, биыл 17 бағдаршам, 10 ақпараттық-көрсеткіш белгілері, 1600 катафот және 30 жарық шамы бар белсенді жол белгісі орнатылмақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу